jasqazaq.kz

Қырғызстанда діни секта күшейіп келеді

23 тамыз 2016, 0:53

d54ba86e8604585acc4eb552f13c1c7a_resize_w_520_h_

Қырғызстандағы Қара-Құлжа ауданының милициясы «Йакын Инкар» діни ұйымының өкілдерін халық арасында рұқсатсыз уағыз жүргізгені үшін ұстады. Оларды Ош қаласындағы тергеу абақтысында әкімшілік хаттама толтырылған соң босатып жіберді — деп хабарлайды centralasian.org.

Ош облысы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Жениш Ашырбаеваның айтуынша, олар рұқсатсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін ұсталған. «Жергілікті тұрғындар пәкістандық киім киген, қырынбаған күдікті адамдар туралы милицияға хабарлаған. Бір автокөліктегі адамдар Қытаймен шекаралас ауданның тұрғындарына діни уағыз жүргізген. Тексеру кезінде олар жеке куәліктерін көрсетпеді. Қазір олардың нақты қандай бағытта уағыз жүргізгені анықталып жатыр», — деді ол.

«Йакын Инкар» — Таблиғи Жамаат» діни қозғалысынан бөлініп шыққан ағым. Қырғызстанда бұл ұйымның қызметіне тыйым салынған. Дін өкілдері бұл ұйымның жақтастарының әлі күнге дейін жалпы ережелерді мойындамай жүргеніне наразы.

«Йакын Инкар» атауы араб тілінен аударғанда «Жаратушыдан басқаның барлығын мойындамау» деген мағына білдіреді. Бірнеше жыл бұрын осы қозғалысты жақтаушылар Ыстықкөл және Шу облыстарында, кейінірек Нарында пайда болды.

Ош қаласының тұрғыны Азамата Асатулла уулуның пікірінше, бұл ұйымның қызметіне тыйым салатын заң қабылдау қажет. «Олар халықты адастырып жүр. «Іңкәрлықтар» пайғамбар заманындағыдай өмір сүру керек деп, жұрттың бәрін теріс жолға салып келеді», — деді ол.

baq.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық