jasqazaq.kz

Қырғызда газет көп

20 мамыр 2016, 11:40

 

Шекаралас жатқан айырқалпақты ағайын бәрінен хабардар. Тіпті көше сыпырушысымен сөйлесе қалсаң, елдегі жағдайдан бастап, шетелдегі оқиғаны айтып береді. Таксиге міне, қалсаң, жүргізушісі саясатты соғады. Біздегідей «жауынның жауғанын» Қытайдан көрмейді. Әрқайсысының қалыптасқан өзіндік жеке ой-пікірі бар. Мұндай сауатты қоғамның қалыптасуына не себеп болды деген сауал туындайды. Мұның жауабын Бішкекке барғанда тапқандай болдық.

Қырғызда газет жорнал қат емес. Біздегідей көше-көшені кезіп іздеп жүрмейсің. Газет дүңгіршектерінде іздегенің жіпке ілініп, тізбектеліп тұрады. Қалағаныңды аласың. Бауырлас қырғыз елінің экономикалық жағдайы мәз болмаса да, осынша газеттің әлі күнге жарық көретіні қызықтырды. Көрші елдегі әріптестерге жұмысы туралы айтып беруді сұрадық. Олар қуана-қуана келісті. Бұл елде мемлекет тарапынан тек екі ресми басылымға ғана қолдау көрсетіледі. Онда да биліктің имиджін қалыптастыру, шенеунікті жақсы жағынан таныту деген сарындағы материалдар емес, үкіметтің ресми құжаттарын ғана жариялап отырады.

Мерзімді басылым аз емес. Бір ғана Бішкектің өзіндегі дүңгіршектерден 20-дан астам қызылды-жасылды, мұқабасы әсем безендірілген газеттерді байқауға болады. Ал әр облыс орталығында өздерінің шағын газеттері тағы бар. Саяси тақырыпты кеңінен қозғайтын газеттердің орташа таралымы 5 мыңның ар жақ, бер жағы. Әріптестердің айтуынша, ондай басылымдарда жартысынан астамының ақысы төленген. Тапсырыспен жазылатын дүниелер болса керек. Дегенмен, көзі қарақты оқырман ненің не екенін аңғара біледі.

20160518_102414

Мемлекеттен біздің елдегідей қолдау болмаған соң, қырғыз басылымдары жарнама үшін жанталасып, оқырманмен тығыз байланыс орнатуға мүдделі. Бұл, әрине, саясаттан ауылы алыс дегенді білдірмейді. Мейлінше кейбір ауқымды тақырыптарды қамтуға да тырысады. Көрші елдегі жетекші «Супер-инфо» басылымының бас редакторы Эльвира Караева «Меніңше, БАҚ билік тарапынан қаржыландырылмауы керек. Шынайы бәсекелестік болмайды. Қырғызстанда газет саны артып келеді. Олардың жаңа нөмірін үнемі қадағалап отырамыз. Бүгінде көпшілікке тарайтын қоғамдық газеттердің орташа таралымы 10-15 мыңның шамасында», – дейді.

Эльвираның бұл басылымға келгеніне көп бола қоймаған. Бұрын еларалық газеттерде тәжірибесі бар. Құрылтайшысы таралымы 100 мыңнан асатын «Супер-инфо» газетін оған сеніп тапсырған. Бас редактор елде пошта қызметінің құрып бара жатқанын айтты. Сондықтан жеке таратушылармен жұмыс істеуге көшкен. Бішкектен шалғай ауылдарға газетті жеткізу үшін таксистердің көмегіне жүгінеді. «Барлық саланы қамтуға тырысамыз. Әсіресе, ауыл тұрғындарына қызықты тақырыптарға қалам тербеу керектігін үнемі естен шығармауға тырысамыз, – дейді ол.

20160518_105736

Он шақты жыл бұрын Қырғызстанда негізінен, орыстілді басылымдардың таралымы жоғары болатын. Биліктің қолдауынсыз, мұғалімдер мен дәрігерлерді, мемлекеттік қызметкер атаулыны мәжбүрлеп, газет-журналға жаздырмай-ақ, мықты басылым жасау керектігін қырғыз тілшілері дәлелдеп шыққандай.

Медиа нарықта ресейлік франшизалар да жоқ емес. Дегенмен, Кремльдің саясатын Қазақстанда жүргізіп отырған «Аргументы и факты», «Московский Комсомолец» сынды газеттермен салыстырғанда, қырғызстандық қосымшаларда сол елді қамтитын материалдардың үлесі басым. Алайда халқының дені қырғыз тілінде сөйлейтін болған соң, франшизалардың жағдайы аса керемет тәрізді.

«Супер-инфо» басылымының ізінше, елде ондаған газет жарық көріп келеді. Бір қарағанда, барлығының мұқабасы, макеті бірдей көрінеді. Дегенмен, оқырман үшін, жарнама үшін, газеттің сапасы мен безендірілуі үшін шын бәсекелестік сезіледі. Елімізде соңғы жылдары үкімет тарапынан миллиардтаған қаражат бөлінеді. Оның қай БАҚ-қа, қандай лотпен үлестірілетіні туралы аз айтылмайды. Оның шынайы журналистикаға кері әсері туралы мінберлерде жиі сөз болады. «Сондықтан, мемлекеттік тапсырыс атаулыны доғару керек» деген ұсыныс бар. Есесіне, шынайы бәсекелестік қалыптасар еді. Қай БАҚ болса да, басқаша қимылдар еді. Қырғыз ағайындарда да басылымдары жабылған жоқ қой…

Асқар Ақтілеу,
Ақтөбе – Бішкек – Алматы

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты