
Қырғыз режиссері Омурзак Толобеков «Әлемдік Назарбаев» атты деректі фильм түсірді. Ол бұл туралы баспасөз мәслихатында айтты, – деп хабарлайды Baq.kz Knews.kg сайтына сілтеме жасап.
Фильм орыс және қырғыз тіліндерінде әзірленген. Автордың айтуынша, Назарбаев жас кезінде көптеген жыл Қырғызстанда болған, фильмде осы кезең қамтылған.
«Біз Назарбаевпен таныс, дос адамдарды таптық. Олар қызықты сұхбат берді. Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанда өскен, ол біздің тілімізді, халқымызды, салт-дәстүрімізді біледі. Қазір Қазақстанда 300 қырғызстандық мигрант бар, біз сол үшін оған алғыс айтамыз», – дейді Омурзак Толобеков.
Фильмді шығарушылардың айтуынша, жастық шағын еске түсіретін фильмді Қазақстан Президенті көрген. Продюсерлер жобаны өз қаражаттарына түсіргенін, фильм бюджеті 20 мың долларды құрағанын да атап өтті.