jasqazaq.kz

«Ұлттық ренессанс па, дабыра ма?» – Ерқанат Көпжасар тіл төңірегіндегі мәселеге қатысты үн қатты

04 ақпан, 11:17

Қаңтар айында 139 мың оқушы Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өткен. Олардың 76%-ы сынақты қазақ тілінде тапсыруды таңдаған. Осындай деректерді тілге тиек еткен тележүргізуші Ерқанат Көпжасар Ата Заңның жаңа жобасындағы қазақ тіліне қатысты бапқа өзгерту енгізуді талап етіп жүргендерге уәж айтты

«Бұл құрғақ статистика емес. Бұл Ұлттық ренессанс, «көш жүре түзеледі» деген ұғымның жарқын көрінісі. 1997 жылы ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілгенде, он адамның біреуі де қазақша білмейтін еді. Қазір Алаш даласы ана тілінде еркін сөйлейді», — дейді ол.
Сондай-ақ тележүргізуші Конституцияның жаңа жобасындағы 9 баптың 1 тармағында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай жазылып тұрғанын айтады.

«Осыны тіліміз Конституциядан айырылып қалғандай шулату қажет дүние емес. Қазір әлемде барлық геосаяси ойындардың шарттары қайта жазылып жатқанын жақсы білесіздер. Бүгінгі келісу – ертең үлкен келіспеушілікке апарса, не болмақ», — дейді ол.
Сонымен қатар, қоғамда өзі ана тілінде сөйлемейтін, балаларын өзге тілде оқытып жүргендердің көптігін тілге тиек етті.
«Осындай ана тілін білмейтін азаматтарға Ата Заңдағы бір ғана сөз кедергі болып тұр дегенге сену қиын. Ұрпағымызға өзі тұратын жер керек, өз тілінде сөйлейтін ел керек», — деді Көпжасар.

Фото: inform.kz

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта