jasqazaq.kz

Ұлттық қордан шелектеп аламыз, қасықтап саламыз

16 наурыз 2023, 16:35

Бүгін Сенатта «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Премьер-министрдің орынбасары-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың мәліметінше, биылғы бюджет кірісі 1,5 трлн теңгеге ұлғайып, 19,3 трлн теңгеге жетеді. Ал республикалық бюджеттің шығыс бөлігі жоспар бойынша — 22,5 трлн теңге. Шығыс кірістен асып тұр.
Е.Жамаубаев бюджет қаржысының қайда жұмсалатыны жөнінде есеп берді.

* Ең әуелі Мемлекет басшысының Жолдауында және сайлау алды бағдарламасында айтылған бастамаларын, сондай-ақ аймақтарға сапары кезінде берген тапсырмаларын орындауға 2 трлн теңге бөлінеді. Бұл – аймақтарды қолдауға, ауыл шаруашылығын, көлік инфрақұрылымы мен өңдеу өнеркәсібін әрмен қарай дамытуға, әлеуметтік саланың жекелеген бағыттарына жұмсалатын шығын.
* Жылумен қамту жүйесінің құрылысы мен қайта құрылымдауға, жылу-энергетикаға 144 млрд теңге бөлінді.
* 126 млрд теңге қорғаныс пен азаматтық қорғау саласына, оның ішінде өрт сөндірушілердің жалақысы мен азаматтық қоғам органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.
* Баспана алуға арналған заем мен тұрғын үй жинағына 92 млрд теңге қарастырылды.
* Ағымдағы жылы аймақтарға 7,2 трлн теңге жіберіледі. Бұл – жалпы шығынның 32 пайызы.
* Әлеуметтік бөлік 298 млрд теңгеге ұлғайып, 8,8 трлн теңге бөлінді (бюджет шығысының 37,5 пайызы). Ол қаражат «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасын жүзеге асыруға, мектепке дейінгі білім беру мекемелері мұғалімдерінің жалақысы мен колледж студенттерінің шәкіртақысын, сондай-ақ әлеуметтік төлем, мүгедектігі үшін жәрдемақыны көбейтуге, денсаулық сақтау саласын дамытуға жұмсалады.
* Күш құрылымдарының шығыны 317 млрд теңгеге артып, 2,5 трлн теңге деп жоспарланды.
Сенат төрағасы бюджет кірісі мен шығысына қатысты өз пікірін білдірді. «Бізде шығыс кірістен екі есе асып түседі. Бүгін бюджетті нақтылағанда тапшылықтың бұрынғы деңгейде қалғанын көрдік. Демек қаржы тағы Ұлттық қордан алынады. Басқа көз жоқ қой. Не болмаса, салықты көбейтуге тура келеді», — деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы келтірген дерек шынында да алаңдатарлық. Соңғы 8 жылда Ұлттық қордағы қаржы 73 млрд доллардан 57 млрд долларға дейін кеміген. Бұлайша қайта-қайта қол салсақ, қордағы қаржыны 100 млрд долларға жеткізу туралы міндет қалай орындалады? Оның үстіне, Сенат төрағасы айтпақшы, жаңадан сайланған су жаңа депутаттар оңды-солды берген уәдесін орындау үшін тағы да алақан жаятыны сөзсіз.

Қазір америкалық Silicon Walley Bank (SWB) пен Signatura Bank-тің жабылуын, артынша швейцариялық Credit Suisse Bank акцияларының құлдырауын сарапшылар сан-саққа жүгіртіп жатыр. 2008 жылы әлемді шарпыған қаржы дағдарысы қайталана ма деген сауал көптің көмейінде тұр.

Рас, бүгін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов АҚШ пен Еуроаймақтағы банктердің дағдарысы еліміздің қаржы нарығына соншалықты әсер етпейді деп жұртты жұбатып қойды.
Бас банкирдің айтқаны келсін дейік.

Гүлнар Ахметова

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата