jasqazaq.kz

Қылмыскерге салынатын айыппұл мөлшері азая ма?

09 қараша 2016, 17:45

5c6d0a9cdaa6c52298392fab72a5f13d_resize_w_520_h_

Қазіргі таңда елімізде қылмыс жасағандардың 5%-ы ғана айыппұл төлейді. Биыл 15 мың азамат сотталған. Оның 699-ы айыппұл төлеген. Ал айыппұлдың ең төменгі мөлшері – 500 АЕК. Оны 200 АЕК-ке дейін төмендету керек. Бұл туралы «Қосшыдағы пікір алмасу» атты алғашқы криминологиялық форумда Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.

 «2010 жылы Президент бізді қатты сынған алған болатын. Себебі, Қазақстанда қылмыс үшін төленген айыппұлдың көрсеткіші 5%-ды құрайды. Міне, 6 жыл өтті, біздегі жағдай өзгерген жоқ. Ілгерілеушілік байқалмайды. Биыл қылмыс жасағаны үшін 15 мың азамат сотталды. Оның 699-ына ғана айыппұл салынған. Ал осы 699 азаматтың 257-сі сыбайлас жемқорлық үшін заң алдында жауап берді. Әрине, кез келген қылмысқа айыппұл төлеу жазасын қолдана алмаймыз. Қылмыстық кодекстің 412-бабында жазаны айыппұлмен төлеу қарастырылмаған», — деді ол.

Сондай-ақ, Марат Ахметжанов Қазақстан жиі тіркелетін қылмыс түрлеріне айыппұл төлеу жазасын енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, елімізде ең көп тіркелетін қылмыс – ұрлық пен алаяқтық. Ол Қазақстанда жасалған қылмыстың 70%-ын құрайды.«Бұл жерде жағдай өзгеше. Қылмыстық кодекстің 1 және 2 тармағында айыппұл төлеу жазасы бар. Ол бойынша 2,5 мың азамат заң алдында жауап берген. Бірақ 16 адамға ғана айыппұл салыныпты. 208 сотталушының жұмысы мен кірісі болған. Бізге айыппұл жазасын қолдануға не кедергі?», — деді Бас прокурордың орынбасары.

Сонымен қатар Марат Ахметжанов аталмыш мәселені шешу жолын көрсетті. Оның пікірінше, салынатын айыппұлдың көлемі өте жоғары. 1997 жылы қабылданған қылмыстық кодексте айыппұл көлемі 25 АЕК-тен басталады екен. Қазіргі уақытта қылмыстың саны 20 есе көбейген.

«Айыппұл 500 АЕК-тен басталады. Ал бұл 1 млн теңге. Жаңа қылмыстық кодексті ізгілендірген сияқтымыз. Айыппұл төлеу аясын кеңейткен уақытта туындаған мәселелер бар. Мысалы, ұрлық пен алаяқтық қылмысынан келген зиян айыппұлдың мөлшерінен асып түседі. ҚР Қылмыстық кодекстің 41-бабында сотталушыға жасаған қылмысының ауырлығы мен материалдық жағдайына байланысты айыппұл төлеу жазасы қолданылады. Қылмыстар үшін айыппұлдың ең төменгі шегі 500 АЕК-ті құрайды. Біз айыппұлды 200 АЕК-ке дейін төмендетуді ұсынамыз. Айыппұлдың ең төменгі мөлшерін азайту өзін ақтайды деп санаймы», — деп түйіндеді сөзін Бас прокурордың орынбасары.

baq.kz

 

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции