jasqazaq.kz

Үкімет басшысы жаңа Салық кодексін қайта пысықтауды тапсырды

21 қантар, 11:10

Премьер-министр Олжас Бектенов орынбасары Серік Жұманғаринге жаңа Салық кодексін мүдделі топтармен қайта пысықтап шығуды тапсырды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Үкімет басшысы: «Жаңа Салық кодексі өзгермейтін қағидалардың жиынтығы ретінде қабылданбауы керек, бұл туралы Президент ерекше атап өтті. Серік Мақашұлы, осыған байланысты сізге жұртшылық пен бизнес тарапынан келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, мұқият талдауды тапсырамын. «Атамекен» Ұлттық палатасының өкілдерін, экономистер мен сарапшыларды тарта отырып, жүйелі әрі үйлесімді жұмыс жасауы керек. Бүгін Үкіметте осындай алғашқы кездесу өткізесіз», — деді.

Олжас Бектенов бұл жұмысга өңірлерді де белсенді тарту қажеттігін айтты: «Қоғамның көтеріп отырған мәселелерін жедел қарау керек. Нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар енгізіңіз».

JQ-Aqparat

Сурет: ашық дереккөз

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді