jasqazaq.kz

ҰҚК: Полиция қызметкерлері тіркеуден шығарылған қару-жарақты қайта айналымға енгізген

16 қантар 2023, 10:28

Қару-жарақты екінші рет айналымға енгізумен шұғылданған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бұрынғы қызметкерлері және олардың көмекшілеріне қатысты сот процессі аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тіркеуден шығарылған оқ-дәрімен атылатын қару және оқ-дәрі қылмыстық схема бойынша жойылды деген жалған есеп арқылы кейін сатылуға шығарылып отырған.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірге екі кезеңнен тұратын операция барысында Алматы қаласы және Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолын кесті. Құрықтау және тінту барысында 347 бірлік қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі алынды.Полицияның бұрынғы қызметкері ұйымдастырған қаруды модификациялау цехының көзі жойылды. Жедел зерделеуді жалғастыру арқылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлеміне, бұзғыш діни ағымдарға қатысты және бұрынғы полицейлерден тұратын қаруды сатып алушылардың толық базасын анықтады», — делінген комитет хабарламасында.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен кінәлі адамдар 2-ден 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру мерзімдеріне сотталды.

Қызметтік міндеттеріне салғырт қарағандары және жеке құрамды бақылауды әлсіреткендері үшін құқық қорғау органдарының бірқатар басшылары теріс негіз бойынша қызметтен босатылды.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка