jasqazaq.kz

ҰҚК арнайы операциясы: есірткі саудалаған қылмыстық топ ұсталды

01 ақпан 2023, 16:02

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы JQ-Aqparat ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, «мефедрон» және «альфа-PVP» әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе бет кездесусіз алынып отырған.

«Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды. Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі алынды», — делінген хабарламада.

Өлімге әкелетін «тауарды» Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде