jasqazaq.kz

ҰҚК 100 келіден аса героин тәркіледі (Видео)

27 наурыз 2023, 10:06

Еліміздің ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізген бірнеше сатылы арнайы операция барысында ауыр есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаушылардың арнасын тапты.
ҰҚК қызметкерлері жедел зерттеп зерделеу кезінде есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерге Қазақстан арқылы шетелге шығаруға бағытталған апиын тектес есіртікінің ірі көлемдегі партиясы жинақталғаны туралы ақпаратты анықтады. Кезең бойынша есірткі тасымалдаудың жолдары мен әкелудің айлалы схемасы нақтыланды.
«Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастырушының өзі болып табылатын шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды.
Жедел қызметкерлердің және «А» Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды. Материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп, халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасып» жатқаны хабарланды.

@jasqazaq.kz100 келіден аса есірткі тәркіленді

♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті