
Түркияға елімізден барған құтқарушылардың екінші тобы Газиантеп қаласынан 69 шақырым қашықтықтағы Нұрдағы қаласында қираған ғимараттарды тазарту кезінде 3 адамды құтқарды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте қазақстандық құтқарушылар 18 мың текшеметр үйіндіні тазалап, қираған үйдің астынан ер және екі әйел адамды аман-есен алып шыққан.
@jasqazaq.kzҮйінді астынан үш адам аман табылды
JQ-Aqparat