jasqazaq.kz

Үй сатып аларда алданып қалмаңыз

27 наурыз 2023, 16:19

Алматы әкімдігі жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын құрылыс компаниясының құжаттарын мұқият тексеруді ұсынады. Желілерде құрылысқа қажетті рұқсаты жоқ тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сату туралы хабарландырулар тарап жатыр.

Алматы қаласының әкімдігі толық құжаттаманың болмауына байланысты жылжымайтын мүлікті сатып алуға болмайтын тағы екі тұрғын үй кешенін атады:

1) «Auezov Apartaments» ТК — Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 183/19. Тапсырыс беруші «Garant LTD Service» ЖШС. 2021 жылғы 30 Сәуірде тапсырыс беруші тарапынан «Garant LTD Service» ЖШС жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңартуға және қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, қызмет көрсету объектілері бар әкімшілік ғимараттың қосымша құрылысын салуға хабарлама берді.

Алайда, жылжымайтын мүлікті сату сайттарында көрсетілген мекенжай бойынша пәтерлердің жарнамасы орналастырылған, бұл қолда бар құжаттарға сәйкес келмейді.
2) «Tole bi Residence» ТК — Алмалы ауданы, Аносов көшесі, 103 «Б». Тапсырыс беруші «Adal Сity Stroy» ЖШС. Хабарламадағы ақпаратқа сәйкес, 1-блок құрылысының 1-кезегі 2023 жылдың 4-тоқсанында пайдалануға беріледі.

Алайда бүгінгі күні жоғарыда аталған объект бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмеген.
Әкімдік таратқан ақпаратта: «Алматылықтарға жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет екенін еске саламыз, мұны Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі бойынша жасауға болады»,- делінген.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта