jasqazaq.kz

ҰБТ-ға дайындайтын орталықтың директоры ұсталды

08 ақпан 2023, 14:23


Алматыда жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығының «директоры» алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы еліміздің ІІМ ресми интернет ресурсы мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол түлектердің ата-анасын алдап, ондаған миллион теңгені жымқырған. 22 жастағы жігіт өзін жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға даярлау орталығының «директорымын» деп таныстырып, ата-аналардың сеніміне кірген.

«Келісімшарт талаптары бойынша ата-ана 238 мың теңгені бөліп төлей алатын болған. Бұл ретте «мұғалім» бала тестілеуден өтпесе, кепілді ақшаны қайтаруға уәде берген. Оқу орталығын құрушы зым-зия жоқ боп кеткен, уәде етілген сабақты оқи алмаған балалардың ата-анасы полицияға жүгінді. Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тіркелгенін атап өтті.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде