jasqazaq.kz

Яндекс «курьер» 3,5 млн теңгенің тауарын сатып жіберген

20 қантар 2023, 10:18

Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты алаяқтық жасау фактісімен азамат У.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық сотының мәліметінше, күдікті «Яндекс» қосымшасында тауарды клиентке дейін жеткізуші (курьер) болып тіркелген. Ол тауарды Астана мен Алматы қалаларынан интернет-дүкендер арқылы алып, нарықтан төмен бағамен өзге адамдарға сатып жіберген. Осы арқылы күдікті зардап шегуші тарап «Яндекс Деливери Кейзет» ЖШС-ға 3,5 млн теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген. Жалған курьердің 24 фактіге қатысы бар болып шықты.

Сот барысында күдікті кінәсін толығымен мойындап, келтірілген шығынды өтеуге ниетті екенін, сондықтан қоғамнан оқшауламай қатесін түзеуге мүмкіндік беруін өтінді. Зардап шегуші тараптың өкілі де соттан айыпталушыны бас бостандығынан айырмай, шығынды қайтаруға мүмкіндік беруді сұрады.

Осыған орай сот азамат У.-ға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ «Яндекс Деливери Кейзет» ЖШС-нің 3,5 млн теңге сомасында материалдық шығынды қайтару туралы азаматтық шағымы толықтай қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики