jasqazaq.kz

Витас сотқа жүгінбейтінін айтты

03 ақпан 2017, 8:09

Ресейлік танымал әнші Витас әлеуметтік желіде оның әнін басқа әншінің орындауына қатысты туған дауға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

«Қадірлі достар! Ресми түрде мынаны айтқым келеді: Соңғы 4 күн ішінде әлеуметтік желілерде маған қатысты жағымсыз сөздер көп айтылды. Осыған байланысты мен әрбір шығармашылық адамына және кез келген шығармашылық ізденіске құрметпен қарайтынымды айтқым келеді. Өз басым осыған дейін басқа бір өнер адамының шығармашылық өміріне араласуға, оның шығармашылығына талдау жасап, талқылауға, сол үшін сот органдарына жүгінуге барамын деп ойламаппын. Және ешқашан олай істемеймін», — деп жазды Витас Facebook-тағы парақшасында. Заң тұрғысынан алғандағы қайшылықтарға тоқталатын болсақ, әр әртістің басында кездесетін даулы мәселелер — ол продюсер мен компанияның құзіретіне жататын іс, деп атап өтті әнші. «Әрқашан да танымал туындыларға қатысты даулар мен таластар болып тұрады — бұл солай болатын нәрсе, алайда ол ешқашан жағымсыз пікірлер мен жеке басқа тиісушілікке апарып соқтырмауы тиіс. Мен бәріңізді сабырға және маған лайк басуға шақырамын», — деп жазды Витас.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық