jasqazaq.kz

«Валентин күні» исламға қайшы…  

14 ақпан 2017, 20:01

 

 

Әсіресе, жастар жағы тойлап жатқан «Валентин күні» мағынасы жоқ «мереке». Не аты, не заты белгісіз біреуді әулиеге, одан қалды қасиетті тұлғаға балау қаншалықты қисынды?

Исі мұсылман қауымына, соның ішінде қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, тіпті, діни көзқарасына да үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мерекесымақтың қайдан пайда болғандығын білетіндеріңіз бар ма?

Кеңес Одағы құлағаннан кейін христиандардың діни мерекесі ретінде тараған «Валентин» күнін атап өтушілердің көбеюіне қазір Ресейдің өзі алаңдап отыр.

Осы жерде «біздің елдің жастарына заты белгісіз Валентинді мадақтау неге керек болды?» деген заңды сұрақ туындайды. «Валентин» деген кім? Осы тақырыпқа келгенде, христиан ғалымдарының өзі бір-бірімен қызыл кеңірдек болып қырқысып, толық шешімге келе алмай жүргенде, айдаладағы бізге сол мерекені әдемілеп, әспеттеп бір-бірімізді ынты-шынтымызбен жарыса құттықтауымызға жол болсын ағайын.

Тарихшылардың тұспалдауынша, ежелгі христиандардың аңыз-ертегілерінде бір емес, үш бірдей Валентин болған. Олардың үшеуі де ит азаппен өлтірілген екен. Демек, шығу тарихы белгісіз «мереке» батыстың бізді жан-жақты жаһандану тәсілімен жаулап алу саясатының бір тармағы ғана. Байыппен тарқатып қарасақ, оның астарында адам мен қоғамды аздыруға, рухани және ұлттық құндылықтарды жоюға арналған пейіл жатқанын бағамдауға болады.

Дәстүрлі дініміз жалған «мерекеге» үзілді-кесілді қарсы. Мұсылман ғұламаларының пікірінше, «Валентин» мерекесі пұтқа табынушылықтың белгісі іспеттес. Мұны біз емес, Батыстың бетке ұстар ғалымдарының өзі мойындап отыр. Өйткені, мұнда балгерлік, сәуегейлік сияқты дін шеңберінен тыс әрекеттер орын алады. Мәселен, адамдардың әртүрлі заттарға сеніп, табынып, оның нұсқауымен екінші жартысын табуға тырысуы. Осы күні дастарханнан көптеп табылатын тағамдар мен ішімдіктер де исламға жат, әрі харам болып есептеледі.

Сайып келгенде мұның барлығы асыл дініміздің қағидаларымен, ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы насихаттап келген моральдық құндылықтарымен сәйкес келмейді. Мұсылман адам махаббат сезімін біреуге білдіру ісіне селқос қарамауы керек. Ол өзінің жүректен жарып шығатын ыстық сезімін отбасын құруға және өзінің адал жарына сақтауы тиіс. Ислам дінінің шариғатында тәлім-тәрбиеден ада «мерекелерді» атап өтуге жол жоқ. Алла Елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с) «Кім қай халыққа ұқсағысы келсе, ол солардың бірі» деген хадисі мұсылман бауырларымызды ойландыруы керек.

Айбек АТАШЕВ,

Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпаратық–талдау орталығы» мекемесінің  басшысы, теолог.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты