
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың күміс жүлдегері атанды.
«Спорт Шредингера» telegram арнасының мәліметінше, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамуханов 2:47,757 деген нәтиже көрсетіп, аралас эстафетада жұбаныш финалының жеңімпаздары атанды, бірақ басты финалда бірден үш команда тысқары қалды: Оңтүстік Корея, АҚШ және Қытай.
Нәтижесінде Францияға (2:50.946) алтын, Қазақстанға күміс, ал Жапонияға (2:48.561) қола медаль бұйырды.