jasqazaq.kz

Әулие Николай шіркеуін кімдер тонады?

18 қантар 2017, 2:25

Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі Әулие Николай шіркеуіне түн ортасында белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, бірталай дүниені үптеп кеткен.

Мәселен, мұндағы алтыннан жасалған бұйымдар, қайырымдылық ақшалары салынған қорап пен бірнеше бағалы заттар қолды болған. Бұл туралы шіркеуде қызмет етуші 62 жастағы әйел 17 қаңтар күні Еңбекші аудандық полиция бөліміне хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тергеу тобы тексеру жұмыстарын жүргізген. Нақты қанша шығын келтірілгені нақтылану үстінде. Аталмыш факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша («Ұрлық») сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестіріне тіркелді. Похоже, что воры воспользовались традицией приносить к любимым иконам драгоценности в качестве добросердечной жертвы и унесли их из храма. Драгоценные вещи, как правило, висят на ниточках возле икон, так что забрать их не составляет особого труда. Удержать от легкой добычи может разве что совесть, но, судя по всему, совестью там и не пахнет. Ұрылар сүйікті иконалардың тұсына қайырымдылық ретінде бағалы бұйымдарды іліп кету дәстүрін пайдаланғанға ұқсайды. Әдетте, қымбат бұйымдар қолжетімді жерде бейнелі суреттер мен мүсіндердің жанында жіпке ілулі тұратын көрінеді. Байланысқа шыққанымызда, шіркеу жетекшісі Александр әкей «ұрлық фактісімен полиция айналысуда», дегенмен ғана шектеліп, бұл тақырыпта қандай-да бір ақпарат бөлісуден үзілді-кесілді бас тартты. Тергеушілер де нақты шығындар жайлы мардымды жауап қатпады. «Нақтылап жатырмыз, күдіктілер іздестірілуде», — деп атап өтті олар.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық