jasqazaq.kz

Украинадан саяси баспана сұрапты

21 шiлде 2016, 20:33

photo_118438

Атышулы қоғам белсенділері Ермек Нарымбаев пен Мөлдір Әділованың Киевке барып, саяси баспана сұрағаны мәлім болды. serke.org сайты хабарлағандай, Ермек Нарымбаевтың Украинаға кетіп қалғаны 14 шілдеде Айдос Садықовтың Facebook’те Нарымбаевпен Киевте бірге түскен суретін жариялаған уақытта белгілі болды. Нарымбаевпен бірге Киевке тағы бір белсенді Мөлдір Әділова барған. Әділова биыл 21 мамырда «жер мәселесі» бойынша митинг кезінде ұсталғандардың бірі. Нарымбаев пен Әділова Киевте баспасөз мәслихатын бірге өткізіп, Қазақстанда қудалауға ұшырағандарын және саяси баспана сұрайтындарын мәлімдеді.

Киевке кеткен қоғам қайраткері әрі азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевқа іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Манас Тұяқбаевқа сілтеме жасап informburo.kz сайты хабарлады.
М. Тұяқбаевтың айтуынша, қазір «бастапқы іздестіру іс-шаралары» жүргізіліп жатыр, Е. Нарымбаевтың кетіп қалғаны расталатын болса, онда «тиісті шаралар қабылданатын болады». Нарымбаев елден кетіп қалғанын растап қана қоймай, тіпті ол туралы Киевте баспасөз мәслихатын өткізіп үлгерген еді.
«Бақылау қызметі бөліміне тіркеуге тұрғызған уақытта онымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, бірақ ол ашуланып, сот жүктеген жауапкершіліктерді дұрыс қабылдаған жоқ. Ол жазаның негізгі мерзімі толық өтелмейінше немесе бақылау уақыты аяқталмайынша, Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынатыны туралы жазбаша ескертілді», — деді департамент өкілі.
Ермек Нарымбаев 2015 жылдың аяғында дінтанушы Мұрат Телібековтың кітабынан Facebook’тегі парақшасында үзінді жариялағаны үшін ұлтаралық араздық туғызды деген айыппен сотталды. Түрме мерзімі кейін еркіндігін шектеу жазасына алмастырылған еді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық