jasqazaq.kz

Украина Ресейді сотқа бермек

22 шiлде 2016, 19:10

m822844

Украина Ресейді Қара теңіз шельфіндегі жұмыстары үшін халықаралық сотқа бермек. Бұл туралы Украинаның уақытша басып алынған аумақтар мәселесі жөніндегі министр Вадим Черныш мәлім етті.

Бұл туралы украиналық БАҚ-тарда хабарланды.

Бірінші шағым Ресейдің аннексиялаған Қырымнан табиғи газды өндіру ісіне қатысты болмақ, Екінші шағым — сол аймақтағы Қара теңіздің табиғи ресурстарын пайдалану. Украина БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі Конвенция нормаларына сәйкес соттаспақ.

— Әлі күнге дейін Украинаға тиесілі жерден табиғи газды өндіріп жатыр. Газ басып алынған түбекке жіберіліп жатыр. Мұның бәрі Украина Конституциясына сәйкес, украин халқының меншігі болып саналады, -дейді Черныш.

Газ өндіру жұмыстарын «Черноморнефтегаз» компаниясы жүргізіп жатыр. Алдында бұл аумақ «Украина Нефтогаз» акционерлік қоғамының құрамына кірген. 2014 жылдың көктемінде Қырымды аннексиялағаннан кейін кәсіпорынды Ресей заңына сәйкес, қайта тіркеуден өткізген.

2014 жылдың мамыр айында Украинаның премьер-министрі болып тұрған кезде Арсений Яценюк аталған кәсіпорынды халықаралық сот арқылы қайта тартып аламыз деп мәлімдеген болатын.

Мұның алдында Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкин Украина Ресейден Қырым мен Донбасқа келтірген залалы үшін 50 млрд доллар көлемінде айыппұл талап етеді деген.

kaz.365info.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық