jasqazaq.kz

Украина азаматтары Алматы маңында есірткі зертханасын ашқан (Видео)

31 қантар 2023, 14:48

Украина азаматтары ұйымдастырған есірткі зертханаларын жасау бойынша тергеу жүріп жатыр. Polisia.kz. хабарлағандай, өткен жылдың соңында ІІМ ЕҚҚІД және Алматы облысы полиция департаментінің есірткімен күресуші полицейлері синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған шетел азаматтарын ұстады. Сол кезде алғашқы тәуліктің өзінде Алматы қаласына жақын елді мекендерде жасырын -өндірістің орналасқан жері анықталған болатын. Сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы тұрғынына тиесілі үй анықталды, онда қылмыскерлер есірткі синтезін жолға қоюды жоспарлаған. Үй өндіріске толығымен дайындалған: қабырғалар мен еден плиткамен төселген, мәжбүрлі желдету орнатылған, периметр бойынша кептіруге арналған сөрелер ілінген, бөлмелердің бірі фольга материалымен қапталған. Есірткі өндірілетін прекурсорларды – химиялық заттарды сақтауға арналған мұздатқыш камералар жабдықталған. Бір циклде 50 келіге дейін адам өліміне әкелетін зат өндіретін химиялық реактор жасап орнатылған.

Қылмыскерлер Алматы қаласының жеке секторында прекурсорлар қоймасына ыңғайлап гараж жабдықтаған. Онда полицейлер есірткі зертханасына тасымалдауға дайындап қойған жалпы көлемі 700 литр болатын химикат құйылған 22 ірі ыдысты тәркіледі. Бұл — екі апта сайын 100 келіге дейін есірткі өндіруге мүмкіндік беретін өндіріс болып шықты.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Аталған деректер бойынша полицейлер жұмыс істеп тұрған екі зертхананы және өндіріске толық дайын бір зертхананы, прекурсорлар бар қойманы жойды. 84 келі синтетика және екі тоннадай прекурсор алынды. Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы «Ұйымдасқан топ құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» және 297-бабы «Қылмыстық топпен аса ірі мөлшерде есірткі өткізу» бойынша қылмыстық істер қозғалды. Олардың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Барлық күдіктілер қамауда.

JQ-Aqparat

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики