Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) басшысы өзгерді. Грекияда өткен жиында УЕФА президенті болып Словения өкілі Александер Чеферин сайланды. Ол бұл қызметте француздың әйгілі футболшысы Мишел Платиниді алмастырды.
48 жастағы А. Чеферин мамандығы бойынша заңгер. Футбол клубтарының құқығын қорғай жүріп, Словения футбол федерациясының президенті дәрежесіне дейін көтерілген.
Сарапшылар ФИФА-ның бұрынғы президенті Зепп Блаттер жемқорлық әрекеті үшін қызметінен кеткенде бұл іске Платинидің де қатысы бар деген пікір білдірген еді.