jasqazaq.kz

Учаскелік полицей 6 жасар баланы өрттен құтқарды

16 қараша 2023, 10:47

Таразда учаскелік полицей 6 жасар баланы өрттен құтқарып қалды. Polisia.kz хабарлағандай, 15 қарашада сағат 17:30 шамасында облыс орталығының мөлтек аудандарындағы көпқабатты үйлердің бірінен баланың айқайлаған дауысы шыққан. Оны естіген осы үйдің 2-подъезінде орналасқан учаскелік пункттің полиция қызметкері далаға жүгіріп шығады. Ол 5-қабаттың балконында пәтерден шыққан өрттен қорқып, айқайлап тұрған кішкентай баланы көреді. Учаскелік полиция инспекторы Сәбит Жүрмұхамедов бірден 5-қабатқа көтеріліп, көршілерден балға алып, пәтер есігін бұзып ашқан. Полиция қызметкері көк түтіннің арасында жылап тұрған 6 жасар баланы тауып, тез арада сыртқа алып шығады. Содан соң “102” арнасына қоңырау шалып, өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем жіберуді сұраған. Өрт сөндіріліп, 6 жасар бала мен полиция қызметкері улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы бірқалыпты. Оқыс жағдай орын алғанда жедел түрде әрекет етіп, өрт сөндірушілерді күтпей, өз денсаулығы мен өмірін ойламастан баланы құтқару үшін пәтерге кіріп кеткен учаскелік инспекторға баланың анасы Сәния зор алғысын білдірді. – Сәбит дер кезінде әрекет етпегенде не жағдай болатынын тіпті елестете де алмаймын. Оған басымды иіп тұрып аналық алғысымды айтамын, – деді ол. Сонымен қатар антына адалдық танытып, жоғары кәсібилікпен шара қабылдай отырып, адам өмірін құтқарудағы әрекеті үшін полиция қызметкері Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен марапатталатын болады.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық