jasqazaq.kz

Қуат «Найман» Магомедсайгид Алибековпен Қазақстанда кездеседі

26 сәуiр 2017, 16:02

Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев ресейлік Магомедсайгид Алибеков пен қазақстандық Қуат Хамитовтың арасында матч-реванш болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді.

«Біріншіден, реванш әрқашан қызық болады. Бірақ чемпион мен кешегі үміткердің арасында дереу реванш өткізу мүмкін емес. Бүгінде Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегінде жеңілісі бар. Fight Nights қабылдаған спорттық заңнама мен техникалық ережелер бойынша ол белбеу үшін таласа алады», — деді ол реванш жайлы.

Сондай-ақ, оның пікірінше, Хамитов соңғы жекпе-жегінде жеңілді.

«Алибеков — Хамитов жекпе-жегі шын мәнінде тең болды және шешілмеген мәселелер қалып қойды. Бұл индустрия үшін жақсы. Олардың тағы да кездесетініне сенімдімін. Себебі, бастапқы тарихы бар, үлкен жекпе-жектер тарихтан құралады. Басты жекпе-жегі осы екеуінің арасында өтетін турнир Қазақстанда өтеді деуге негіз бар. Бірақ осы салмақта Хамитовтың қарсыласы көп. Басқа жігіттер де оның қызығушылығын туғызуы мүмкін», — деп ой бөлісті Гаджиев.

Vesti.kz хабарлағандай, Владивостокта өткен Fight Nights Global 63 турнирінің басты жекпе-жегінде отандасымыз ресейлік Магомедсайгид Алибековпен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілген. Жекпе-жек жоспарланғандай барлық бес раундқа созылды. Нәтижесінде Алибеков 49-47, 47-47, 49-45 есебімен айласын асырып кетті. Айта кетейік, бұл Қуат Хамитовтың Fight Nights Global ұйымында өткізіп отырған екінші жекпе-жегі. Ал кейін жеңіліс тапқан Қуат Хамитов төрешілердің шешіміне қарсы шықты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық