
Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды. Қазір сот процесіне дайындық жүріп жатыр екен. Бұл туралы экс-шенеуніктің адвокаты мәлімдеді.
Биыл 10 қаңтарда ұсталған Қуандық Бишімбаевқа аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Ол «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде әйнек шығаратын зауыттың құрылысына бөлінген қаржыдан 1 миллиард теңгені жымқырған деген күдік бар. Тергеу материалдарына қарағанда, министрдің өзі 2 миллион АҚШ долларын қалтасына басқан.