jasqazaq.kz

Түрмеде жатқандарды ДСМ емдейді

30 қантар 2023, 16:44

Елімізде түрмеде жазасын өтеп жатқандарды медициналық көмекпен қамту денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне берілді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі өткізген брифинг барысында айтылды.

ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тобының бас маманы, санитар дәрігер Мәдина Төребаева: «Тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қамаудағы азаматтарды медициналық қамтамасыз ету функциялары мен өкілеттіктері денсаулық сақтау министрлігіне толығымен берілді. Жазасын өтеушілерді медициналық тұрғыдан қамтуды аталған министрліктің қарауына беру тексерудің, диагностиканың және емдеудің заманауи әдістеріне кеңірек қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар медицина қызметкерлері енді қылмыстық мекеме әкімшілігіне бағынбайды, бұл заңсыз әрекеттердің алдын алады», — деді.

Оның айтуынша, аталған міндетті денсаулық сақтау министрлігінің жауапкершілігіне беру екі кезеңнен тұрды. Былтыр 1 шілдеде 16 тергеу изоляторы берілсе, биыл 1 қаңтарда 64 қылмыстық атқару мекемесі министрлік құзыретіне өткен.

«Қылмыстық атқару мекемелерін медициналық қамтамасыз ету осы уақытқа дейін ресурстар, сапа және қызметтерді бақылау тұрғысынан азаматтық сектордың медициналық қызметімен тең болмады. Негізгі түйткіл – медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі, қылмыстық мекемелері медициналық қызметкерлерінің жалақысы денсаулық сақтаудың азаматтық секторындағы қызметкерлерге қарағанда төмен болды», — деді ол.

ІІМ өкілінің айтуынша, азаматтық медицинада айтарлықтай материалдық-техникалық база мен білікті мамандар бар.

Түрмелер мен уақытша ұстау изоляторындағы жазасын өтеушілерді қарайтын медицина қызметкерлерінің штаты денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

JQ-Aqparat

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики