jasqazaq.kz

Түркияға киіз үй жөнелтпек

09 ақпан 2023, 13:00

 

Зілзаладан зардап шеккен Түркия Республикасына қазақстандар жылу жинап киіз үй жөнелтпек. 7 ақпанда белсенділер ашқан есепшотқа екі күннің ішінде 18 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды. Қаржыға 40-қа тарта киіз үй сатып алынып, Түркия еліне жіберілмек.
Журналист Нұрбек Бекбау бастаған бастамаға әнші Сәкен Майғазиев те үн қатып, жұртшылықты қолдауға шақырды.
«Бұл қаражат шамамен 40 киіз үй сатып алуға жеткілікті. Біздің жігіттер Алматының шетінде орналасқан киіз үй цехымен келісті. Сертификатты, киіз үйлердің сапасын тексереміз. Бортқа жүктеу үшін арнайы құжаттар қажет екен. Біз қазір киіз үй сатып алуға бара жатырмыз. Камазға тиеп, Қазақстандағы Түркияның Бас консулдығына апарамыз. Түркия билігімен киіз үйлерді тезірек жеткізу үшін келіссөздер жүргізілді. Біз киіз үйді жайдан-жай таңдамадық. Біріншіден, шатырда тек 5-6 күн тұрасыз, ал киіз үйде ұзақ уақыт өмір сүре аласыз. Кілем мен көрпе төсесеңіз, киіз үй жайлы үйге айналады. Екіншіден, көріп отырғаныңыздай, Түркияда үйлер қирап жатыр. Егер біз шатыр орнатсақ, төбеден құлаған бір тас шатырды зақымдауы мүмкін, ал киіз үй оңайлықпен бүлінбейді. Киіз үйдің психикалық, психологиялық маңызы да бар. Түріктер Қазақстанды «Атажұрт» деп атайды, өйткені Қазақстан аумағы – барлық түркілердің, оның ішінде қазіргі түріктердің ата-бабаларының байырғы отаны. Біз Түркиядағы бауырларымызға әрқашан көмек көрсететінімізді және ынтымақты ел екенімізді паш еткіміз келеді», – деді Нұрбек Бекбау. Киіз үй сатып алып жөнелтуге бел буған бастамашыл топтың ашқан есепшотына қаражат аудару әлі де жалғасып жатыр. Киіз үйлердің сертификаты тексеріліп, талапқа сай босла, Түркия елшілігінің әуежайдағы қоймасына жеткізіліп, содан кейін Түркияға жөнелтіледі.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде