
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бауырлас Түркия еліне тағы да 55 тонна гуманитарлық көмек жіберілетін болды. Бұл мәселе Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. 55 тонна тартатын жүктің ішінде жылы киім-кешек, қысқы шатыр, темір төсек секілді қолданысқа қажет заттар бар. Гуманитарлық көмек Түркияның Газиантеп қаласына ұшақпен жеткізіледі.
JQ-Aqparat