jasqazaq.kz

Түркиядағы отандық құтқарушылар 7 адамды аман алып шықты

10 ақпан 2023, 23:26


Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою, іздестіру-құтқару жұмысына қатысты соңғы мәліметтерді жариялады.
Ол: «Бүгінде Қазақстан құтқарушылары іздестіру-құтқару операциясын жалғастыруда. Түркияның Газиантеп және Нұрдағы қаласында іздеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Құтқарушылар үйінді астынан 7 адамды аман алып шықты. Сонымен қатар 14 мәйіт табылып, шығарылды. Қазір инженерлік жұмыстар жүріп жатыр. Жер сілкінісінен қираған көпқабатты үйлердің үстіңгі бөлігін аршып тазарту жұмысы жалғасуда. Іздеу жұмыстары үйретілген иттердің көмегімен жүзеге асырылуда», — деді.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, құтқарушыларға қажетті жағдай жасалған. Соңғы деректер бойынша Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 18 мыңнан асты.
JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті