jasqazaq.kz

Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны үш мыңға жуықтады

07 ақпан 2023, 9:22

Түркияның оңтүстігінде кеше таңға жуық болған жойқын зілзаладан қазақтапқандардың саны үш мыңға жуықтады деп хабарлайды JQ-Aqparat Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Түркия төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Жүніс Сезар бірнеше мәрте қайталанған жойқын зілзаладан қаза тапқан адамдардың саны 2921-ге жеткенін мәлімдеді. Төтеншеліктер жарақат алғандар 15 834 адам деп отыр. Түркияның вице-президенті Фуат Оқтай қираған үйлердің үйіндісінен 7840 адамның аман-есен құтқарылғанын айтты. Ф.Оқтай үйсіз қалған 388 мың адамның жатақханаға, оқу орындарының ғимараттарына орналасқанын да жеткізді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жеті күнге елде жалпыұлттық аза тұтуды жариялады. Мемлекеттің аумағындағы мекемелердің барлығынан да тулар төмен түсірілді.
Түркиямен шекаралас Сирия елінде де жер сілкісініснен бірнеше ғимарат қирап, қаза тапқан адамдардың саны бір мыңнан асты.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық