jasqazaq.kz

Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны сағат сайын өсуде

07 ақпан 2023, 13:33

Түркияның Кахраманмараш провинциясында зілзаладан көз жұмған адамдар саны 3381 адамға жетті, 20426 адам жарақат алды, деп хабарлайды JQ-Aqparat Анадолыға сілтеме жасап.

Оқиға орнында 24 мыңнан аса құтқарушы күні-түні жұмыс жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Түркияның вице-президенті Фуат Октай үйінділер астынан 7840 адам құтқарылғанын хабарлаған еді. Жатақханаларда, университеттерде және баспаналарда 338 000 адам орналастырылған.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда апат құрбандары үшін 7 күндік Жалпыұлттық аза тұту туралы жариялады.

Тағы да сілкіністер қаупі болғандықтан, Түркия билігі халыққа үйлеріне қайта бармауға кеңес береді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде