jasqazaq.kz

Түркияда жер сілкінісінен үйлер қирады

06 ақпан 2023, 10:26

Дүйсенбі күні Түркия елінің оңтүстік-шығысында орналасқан Газиантеп провинциясында магнитудасы 6,4-6,6 одан кейін 7,4 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл жайында Түркия елінің төтенше жағдайлар басқармасы (АФАД) мәлімдеді деп хабарлайды JQ-Aqparat aa.com.tr агенттігіне сілтеме жасап.

Анадолы агенттігінің жазуынша, 6,4, 6,6 балдық жерасты сілкінісі Нұрдағы ауданында тіркелсе, 6,6 балдық тосын апат Ислахие ауданында болған. Табиғи апаттан бірнеше ғимарат қирады. Ал 7,4 балдық зілзала ошағы Қаһарманмараш провициясына қарайтын Пазарджик ауданында тіркелген. Сонымен қатар Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада аймағындағы тұрғындарға да жер тербелісі байқалған.

ТRT арнасы тікелей эефирде қираған првинциялардан ақпарат таратты. Шанлыурфа провинциясында кемінде 16 үй қирады деген мәлімет айтылды. Түркияда дабылдың жоғары деңгейі жарияланып, апаттан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелтіліп жатыр.

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті