jasqazaq.kz

Түркияда жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

31 желтоқсан 2022, 16:54

Түркия мейрамханасында жарылыс салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстанның азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Аталған ақпаратты ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. Сондай-ақ, ведомстводан бұл соңғы дерек екені айтылды.

Айта кетсек, Түркияның Назилли қаласында мейрамханада жарылыс болып, 7 адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Мейрамханада 20-дан астам адам болған.

TRT телеарнасының хабарлауынша, жарылыс мейрамхананың асханасында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30-да газ баллонын ауыстырып жатқан кезде тіркелген. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілді, олардың жағдайы ауыр деп хабарланды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде