jasqazaq.kz

Түркия елшісі: Ресми ақпаратқа сеніңіз

08 ақпан 2023, 17:56

Уфук Екіджі

Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екіджі зілзаладан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге ынта танытқан қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа ғана илану қажеттігін ескертті.
«Осындай абыр-сабырда тағы бір маңызды мәселені атап өту керек. Қазақстанда арнайы шот ашылды. Ол шотқа біздің елшілік жауап береді. Қазір Қазақстан тарапы да арнайы шот ашатыны туралы әңгімелер айтылып жатыр. Сондықтан үлкен өтініш айтамыз. Ақпаратты тек ресми көздерден ғана алсаңыздар дейміз. Өйткені түрлі адамдар бар, алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйеніп қана шешім қабылдауды сұраймыз», — деді.
Астанада өткен брифингте Түркияның төтенше және өкілетті елшісі У.Екіджі «Біз гуманитарлық көмек қабылдауды жалғастырамыз. Астанаға жеткізілген көмек елшілікке жиналып жатыр. Сондай-ақ, ел аумағындағы өзге де өкілдіктерімізде көмек жинау орындары ашылған. Алматы мен Ақтау қалаларындағы бас консулдық та да осындай орындар бар. Қарапайым адамдардан бөлек Қазақстан Үкіметі де көмек көрсетті. Екі ұшақпен іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар жіберілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы 1 млн доллар көлемінде шұғыл көмек беру туралы шешім қабылдады» деді.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық