jasqazaq.kz

Түркия азаматына қазақстандық полицейлер көмектесті

16 қантар 2023, 15:04


Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жолда қалған Түркияның азаматына көмектесті деп хабарлайды JQ-Aqparat Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Орал – Атырау күре жолының 35-інші шақырымында жол жиегінде бұзылып тұрған жүк көлігін байқаған полицейлер тоқтап, жағдайды білген. 50 жастағы түрік азаматы бұзылған көлігінің ішінде тоңып, ашығып қалғанын біледі де, дереу БҚО полиция департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, тамақ алдырып, шетелдік азаматқа қонатын орын тауып, көлігіндегі жүктің қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Түрік азаматының тіл білмеуі қиындық тудырғанымен, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин түрік тілін меңгергендігінің арқасында шетелдік компанияның басшылығымен тілдесіп, жүргізушінің қауіпсіз жерде екенін айтып, алаңдамауды ескертті.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді