jasqazaq.kz

Түркістанда құрбысы суға ағып кеткенін көрген қыз қорыққанынан ешкімге айтпаған (Видео)

29 наурыз 2023, 22:40

Түркістанда жоғалып кеткен 12 жастағы қыздың суға кеткені белгілі болды. Із-түссіз кеткен Інжу Ескерместі даладан іздеп жүргенде, оның қасында болған құрбысы төртінші күн дегенде Арыс арнасына құлағанын айтқан.

— Сосын мына жерге келіп, мен мына шетте отырғанмын, ол суға түсіп барып, ұстаймын деп аяғы тайып кетті. Мен жүгіріп қайтып кеттім.

Бесінші сыныпта оқитын қыздың суға құлағанын көрген құрбысы қатты шошып қалған. Тек сол маңдағы жұрт екі қыздың су жағасында ойнап жүргенін көріп полицейлерге айтқан соң, жеткіншекпен психологтар сөйлескен. Сөйтсе, Інжудің абайсызда суға кеткенін көргенімен, қатты үрейден ешкімге айта алмапты. Енді осыған дейін қала мен даладан іздеген полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер тобы каналдың ішін сүзуге көшті. Інжуді іздестіруге дрондар мен тіпті иісшіл иттер жұмылдырылған. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ.

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті