jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция ұрлық жасағандарды жылдам табады

11 сәуiр 2024, 15:02

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Қауіпсіз қоғам» жобасы кез келген құқық бұзушылықтың жолын кесуді көздейді. Түркістан өңірінің полицейлерінің күнделікті жұмысы осындай күрделі міндетті орындауға бағытталады. Ұсақ ұрлықтың ізін суытпай ашу да ұшқырлықты талап етеді.

Жуырда Түркістан қаласында күдікті жігіт түн ішінде біреудің үйіне кіріп, гаражынан болгарка, электронды ағаш кесетін арасын және басқа да заттарды ұрлап кетеді. Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, бұрын сотты болған жергілікті тұрғынның осы ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Соның нәтижесінде қолды болған мүлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Полиция күдікті адамның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеруге кірісті.
Түркістан қаласында футбол алаңында ойын болып жатқанда, күдікті жігіт ешкімнің қарап тұрмағанын пайдаланып, қараусыз жатқан сөмкедегі ұялы телефонды алып кетеді. Оны дереу сатып, ақшасын қалтаға басады.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде осы ұрлыққа қатысы бар жігітті тез тауып алды.

Оның да бұрын сотты сотты болғаны анықталды.

Телефоны өзіне қайтқан жігіттің полицияға алғысы шексіз.
Сондай-ақ полиция бағалы тон мен жүзік ұрлаған күдіктілерді ұстады.

Үй иесінің жоқтығын білген күдіктілер кешкі уақытта үйдің терезесі арқылы кіреді. Сөйтіп жатын бөлмедегі бағалы тон мен күміс жүзікті алып кетеді. Жәбірленуші шығын көлемін 500 000 теңге екенін жеткізді.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізе келе, ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған екі күдіктіні ұстады. Тексеру кезінде полиция күдіктілердің тағы бір ұрлыққа қатысы барын анықтады. Қырағы полицейлердің арқасында бағалы заттар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазір екі күдікті қамауға алынып, іс сотқа өтті.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды