Түркістан: Кентауда профилактикалық шаралар жалғасуда

23 мамыр, 10:55

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М.Қабендовтің нұсқауына сәйкес Кентау аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, Түркістан облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы қатар өтуде.

Осы бағытта Кентау қаласының полиция бөлімі, жастар орталығы, адами әлеуетті дамыту бөлімі, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссия мүшелері және мүдделі орган өкілдері қатысуда.

Іс шара барысында білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мінез құлқын қалыптастыру мақсатында 30-ға тарта мектеп пен 5 колледжде кездесулер мен семинарлар өткізілді.

Кездесу барысында, оқушыларға есірткі заттарының зардаптары мен қылмыстық жауапкершіліктері бойынша түсінбілді. Сонымен қатар өз-өзіне қол салу, ерте жүктілік деректерінің алдын алу мақсатында, Кентау қалалық №1 емхана қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар атқарылды.

ҚР ІІМ-нің 2024 жылға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін ағымдағы жылғы мамыр айының 15-22 күндері аралығында облыстың барлық аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу талап етілген. Кентау қаласы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын құқық бұзушылармен қылмыстың алдын-алу мақсатында өткізілген іс-шараға, Кентау қаласының ПБ, жастар орталығы, Кентау қалалық білім бөлімі, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссия мүшелері және мүдделі органдар өкілдері қатыстырылды. Іс-шара барысында білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарға құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мінез құлқын қалыптастыру мақсатында колледждер мен мектептерде кездесулер мен семинарлар өткізілді. Кездесу барысында, оқушыларға есірткі заттарының зардаптары мен қылмыстық жауапкершіліктері бойынша сонымен қатар өз-өзіне қол салу, ерте жүктілік деректерінің алдын алу мақсатында, Кентау қалалық №1 емхана қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар атқарылды.

Кентау қаласы ПБ -мен қалыптасқан жақсы дәстүр — мектеп оқушыларын патриоттық және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында бүгін Кентау қаласының ПБ-нің ғимаратында Жедел криминалистика тобының жұмысымен таныстырылды.
Кентау қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері білім беру ұйымдарында сынып сағаттарын өтуде.
Онда, «Алаяқтың өршіген түрі интернет алаяқтығы» туралы сөз қозғады.

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын интернет алаяқтық түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Ал олардан зардап шегушілер де қомақты қаржысынан айырылып қалып жатыр.
Интернет алаяқтық деп — ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады. Бүгінгі таңда техника дамыған сайын, ғаламтор арқылы өз олжасына оңай қол жеткізетіндер көбейіп жатқаны анық. Олар қарапайым телефоннан-ақ жоспарларын жүзеге асыруда.


Сондықтан полиция қызметкерлері әрдайым интернет алаяқтардан абай болу керектігін ескертеді және қауіпсіздікті сақтау бойынша бірнеше кеңестер береді.
Яғни (банк қызметкерімін) немесе (OLX, Колесо) қосымшаларында сізге күмән келтіретіндей қызмет ұсынса, ақпардың нақтылығына және заңды екендігіне көз жеткізіңіз!

Әлима Әлмерек
Суреттер Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде