jasqazaq.kz

Түркістан: Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет

23 мамыр 2024, 15:01

Түркістан облысында оқу жылының аяқталуына орай балалардың қауіпсіздігіне қатысты жан-жақты іс-шаралар өтуде. Түркістан облысы Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында қала әкімдігі мен қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет» тақырыбында ата-аналар форумы ұйымдастырылды.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алқалы жиынға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жабанов, қала прокуратурасының прокуроры Бақберген Әбілқасымов, ПБ бірінші орынбасары полиция подполковнигі Данияр Түймебаев, ювеналдық полиция бөлімінің басшысы, майор Жанболат Ахметов, білім бөлімінің басшысы Әділ Ауелбеков, қалалық емхана басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Әлия Андабасова, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Төлегенов, «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Сұлтан Азат, ата-аналар, мектеп басшылары, тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар мен сынып жетекшілер қатысты.

Жиынның мақсаты — қоғамда ата-ананың, ұстаздар мен оқушылардың мәдениетін қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасы құндылықтарын насихаттауға қоса, жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру мен жауапкершілігін күшейту. Сонымен қатар бала құқығы мен отбасы әлеуетін, білімі, денсаулығы, қауіпсіздігі сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Жиында сала мамандары бастамаларды қолдау және жүзеге асыру, балалар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіздіктердің алдын алу, ата-аналарға түрлі жағдайлардың туындау себебін және ата-аналардың жауапкершілігін түсіндіру, ата-аналарға профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізу жайында сөз қозғады.

Кездесу барысында мамандар өз саласы бойынша баяндама жасап, ата-аналарға балалар қауіпсіздігін сақтауда ата-ананың жауапкершілігі жоғары екенін түсіндірді.

Полиция бөлімінің мамандары ата-аналарға жазғы кезінде балаларына немқұрайлы қарамауды, ересек адамның қарауынсыз, бақылауынсыз жібермеуді өтінді.

Форумда ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарды сала мамандарына қойып, тұшымды жауап алды. Жиын барысында мамандар ата-аналармен тығыз байланыс орнатылып, тақырыптық кездесулер алдағы уақытта да жиі өткізілетінін айтты.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата