jasqazaq.kz

Тұрғындар түйткілін шешу: Алматы алда келеді

31 қантар 2023, 13:54
Фото: Максим Золотухин

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов халық мәселесін шешіп бере алмаған облыс әкімдері туралы айтты.

«Ел ішінде әкімдердің кездесулерін асыға күтеді, өйткені сұрақтардың көбі жергілікті жерлерге қатысты. Сондықтан, олар жаңа форматта өткізіліп жатыр. Әкімнің өзі аудандарға жиі шығып, халықпен кездесіп тұратын болады. Бұл қатысушылар санын айтарлықтай арттырып, көп мәселені шешуге мүмкіндік береді. Есептерге қарасақ, әкімдермен кездесулерде проблемалардың шамамен 99 пайызы шешімін табады», — деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысының оң нәтиже көрсеткен Ақтөбе, Қостанай облыстары және Алматы қаласын атап өтті.

«Батыс Қазақстан, Атырау және Алматы облыстарында тұрғындардың проблемасын шешу көрсеткіштері әлі де төмен. Биылдан бастап мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі «Халықпен кездесу» индикаторы бойынша бағаланады. Осыған қарап, олардың жұмысының нәтижесін көрсетуге болады. Сонымен қатар, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түсетін азаматтардың арыздарына қарайтын болсақ, басқаша жағдай қалыптасып отыр, — деп мәлімдеді Премьер-министр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді