jasqazaq.kz

Тұрғылықты жеріңізге банк қосымшасы арқылы тіркеле аласыз

13 наурыз 2023, 15:19

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде айтылды.

ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек: «Кaspi.kz ІІМ көші-қон қызметі комитетімен, ЦДИАӨМ, әділет министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Бұдан былай өзіңіздің смартфоныңыздың экранында және осы банктің қосымшасында тұрғылықты жеріңіз немесе уақытша тұратын жеріңіз бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдеуге болады. Қызмет сізге өзіңізді, балаларыңызды, пәтеріңіздегі басқа адамдарды тіркеуге, өзіңізді босатуға немесе біреуді өз үйіңізден шығаруға мүмкіндік береді. Егер сіз біреуге тіркелгіңіз келсе, онда сервистің өзі иесінің келісімін сұрайды. Тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті, ал аты-жөні мен мекен-жайы автоматты түрде анықталады», — деп түсіндірді.

Бұл қызметті пайдалану қауіпсіз. Тек тіркелу кезінде фотоверификациядан өту керек. «Фотоверификация қызметтің осы түрін сізден басқа ешкім пайдалана алмайтындығына кепілдік береді. Айта кету керек, барлық мемлекеттік органдардың ішінен ІІМ – халық үшін негізгі көрсетілетін қызметті беруші. Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті. Оларды пайдалану көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік органдармен байланысын болдырмайды. Сондықтан министрлік көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфондауды жүргізеді. Азаматтарға смартфондарда көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және есептен шығару сияқты сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер қолжетімді», — деді ол.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде