jasqazaq.kz

Түлектердің неше пайызы өз мамандығымен жұмыс істейді?

25 қантар 2023, 16:50

Елімізде ауыл шаруашылығы саласы түлектерінің 19,4 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түлектердің бәрі бірдей оқыған мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Мысалы денсаулық сақтау саласы бойынша оқу бітірген түлектердің 69 пайызы, педагогика саласы түлектерінің 59,5 пайызы, қала құрылысы саласы түлектерінің 30,6 пайызы және ауыл шаруашылығы саласы түлектерінің 19,4 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз», — деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қалған түлектер диплом бойынша емес, басқа салаларды қызмет етеді немесе мүлде жұмыс істемейді.

«Талапкерлер мектеп бітіріп, университет пен болашақ кәсібін таңдағанда, ең алдымен өзіне ұнайтын, қабілетіне сәйкес келетін мамандықты таңдауы қажет. Бірақ, жоғары бәсеке заманында таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мәселесі барлығын ойландырады. Сол себепті, біз барлық талапкерлердің таңдауын жеңілдету үшін осы рейтингті жыл сайын көмекші құрал ретінде дайындаймыз», — дейді А. Бейсенбенов.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді