jasqazaq.kz

«Тыңшы қуыршақ» қауіпті

18 ақпан 2017, 14:50

Германия үкіметі Кайл модельді қуыршақтарды «қауіпті» деп танып, оны жойып жіберуге кеңес берді. Хакерлер осы ойыншықты пайдаланып, қажетті мәліметтерді қолды қылуы мүмкін. Сондықтан, мұндай қуыршақтармен баланы ойнатуға болмайды деген сенімде.

Кайл қуыршақтары интернеттің көмегімен сәбидің сұрақтарына жауап бере алады. Мысалы оған «Кішкентай атты не деп атайды?» деп сұраса, ол «құлыншақ» деп жауап береді. Қуыршақтың «әлсіз» тұсын мамандар 2015 жылы байқаған екен. Ал неміс билік өкілдерінің шұғыл шешімге келуіне Саардағы Штефан Хассель университеті студентінің шағымы себеп болған. Студенттің айтуынша, ондаған метр жерде тұрып, bluetooth қондырғысының көмегімен қуыршақтың аудиожүйесіне қосылып, бірнеше қабырғаның арғы шетінде отырған адамдарды бақылауға болады екен.

Әзірге бұл мәселе бойынша қуыршақты шығарушы Genesis Toys компаниясы мәлімдеме жасамады.

Ал бұдан сәл бұрын ойыншықтың ресми дистрибьютері Vivid Toy компаниялар тобы «мамандар кемшілікті жойды және бұл ақпаратты басшылық жақсылап тексереді» деп сендірген еді. Бірақ сарапшылар кемшіліктің шешілмей, сол қалпында қалғанын растап отыр.

 

halyknews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық