jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева жалаңаяқ жүгірген

14 шiлде 2016, 15:24

Фото: newsforyou.kz

Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде өзін сөгіп, тіпті ренішін білдірген тыңдарманына ақталып әлек болды. Қымбат есімді желі қолданушысы әнші Алтынайды суретке түспей қойғаны үшін өзімшіл деп атаған.

«Алтынай, Астана күні адамдармен фотоға түспей қашып кеттіңіз ғой. Қанша халық жүгірді артыңнан. Осы дұрыс па?! Өзімшілдік қасиетіңіз бар екен, байқады халық!» деп әншінің жария еткен фотоларының біріне пікір қалдырды тыңдарман. Бұл өнер иесі Жорабаеваны бей-жай қалдыра алмаған сияқты. Себебі жүктелген фотоға қалдырылған пікірлер санында шек жоқ. Дегенмен өнер жұлдызы осы бір тыңдарманның сауалына жауап беруді құп көрген.
«Мені бүкіл Хэппилонда бүлдіршіндер күтіп отырды ол кезде. Көшеде пробка. Бір жарым сағатта жеттім Керуендегі Хэппилонға. Бір күн бұрын да концерт сол Жерұйық паркте болды. Ән айтып болып, суретке түстім асықпай. Өйткені басқа жұмысым болмады. Түсіністікпен қарағандарыңыз дұрыс деп ойлаймын» деп жазған әнші қандай күй кешкенін де бөліскен.
«Тіпті сол паркте ән айтып болып, биік аяқ киімімді шешіп, слансы кидім де машинама қарай жүгірдім. Машинам өте алыста болды. Су тер болдым» деп ойын түйген Жорабаева.

korrespondent.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық