
Елімізде экологиялық және көшпелі туризмді дамытуға мемлекеттен қолдау жоқ. Туризмнің осы екі бағыты әлемде зор сұранысқа ие. Бұл туралы Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рәшида Шәйкенова Астанада өткен туризмді дамытуға арналған жиында мәлімдеді.
Р. Шәйкенованың пікірінше, туризм заңнамасына өзгеріс пен толықтыру енгізу керек. Ол осы салада уақыт созбай, іске кірісу қажеттігін атап өтті.