jasqazaq.kz

Туған баласын 2000 долларға сатпақ болған ана ұсталды (видео)

16 наурыз 2017, 10:22

Алматыда Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған баласын сатпақ болған әйелді ұстады.  Қызылорда облысының 1994 жылғы тумасы күйеуімен және тағы 2 және 3 жасар балаларымен жалдамалы пәтерде тұрған. Басылымның мәліметінше, ол үшінші сәбиін дүниеге әкелгісі келмеген. Бірақ жүктілігін білген сәтте ол сәбиінен пайда көрмек болған. Осылайша, күйеуінен рұқсат алған әйел баласын сататынын айтқан. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, әйел жезөкшелікпен айналысқан. Соған байланысты Түрксіб аудандық ІІБ-де бірнеше рет болған. Осылайша, оған бір адам сәбиді «сатып алушы» ретінде жіберіледі. Содан ол сәбиді 2000 долларға алып кетуге болатынын айтып, олар өзара келіседі. Айта кетейік, Қызылорда тумасы 7 наурызда Алматы облысында салмағы 4 келі 165 грамм, бойы 55 сантиметр сәбиді дүниеге әкелген. Ал екінші күні ол үйіне келе салып, «сатып алушыны» шақырған. Жаңадан босанған әйел сәбиінің ақшасын сол пәтерде алып қалған. Ол 290 000 теңге алған. Сонымен қатар, олар қолхат жазған. Сол сәтте пәтерге Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері кіріп келген. Олар заңсыз түрде жасалған келісімшартты тіркеді. Осыған байланысты баласын сатпақ болған әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмағандар саудасы») қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы Patrul.kz порталына сілтеме жасай отырып  tengrinews.kz хабарлады.

 

https://www.youtube.com/watch?v=GTDRd0Yz5Y4

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық