jasqazaq.kz

Цифрлық технологиялар басқармасы құрылды

10 қыркүйек 2018, 14:35


Қызылорда облысында цифрлық технологиялар басқармасы құрылды. Сондай-ақ, облыс әкімінің цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі тағайындалды.

Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аппарат мәжілісінде хабарлады. Аталмыш іс цифрлық технологияларды нарықтық стандарттарға сәйкес дамыту мақсатында қолға алынып отыр. Кездесуді ашқан облыс әкімі соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өңір экономикасының барлық салаларында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын, цифрландыру және жобалық басқаруды арттыру мәселелері мемлекеттік басқару саласындағы басым бағыттардың біріне айналды. Сондықтан, оның қалыптасуы мен одан әрі дамуы заманауи нарықтық стандартқа сәйкес болуы үшін өз алдына дербес мемлекеттік орган болып саналатын Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасын құрдық. Сонымен қатар, облысымызда цифрландыру жұмыстарының тиімді жүруін үйлестіру мақсатында облыс әкімінің цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымын енгізу жөнінде шешім қабылданды», — деді аймақ басшысы. Цифрландыру жөніндегі облыс әкімінің кеңесшісі қызметіне Ақмарал Әлменова тағайындалды. Әлменова Ақмарал Байжанқызы 1989 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Ақпараттық жүйелер», Новосибирск мемлекеттік ұлттық-зерттеу университетінің магистратурасын «Информатика және есептеу техникасы», сондай-ақ Қазан федералдық университетінің аспирантурасын «Есептеу машиналары, кешендері мен компьютерлік жүйелерді математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 2014 жылдан бастап осы кезге дейін Татарстан Республикасы Ғылым академиясының кіші ғылыми қызметкері лауазымында қызмет атқарып келді.

Мақпал Ноғайбаева

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Бүгін, 21:15
Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады
Бүгін, 15:12
Алматыда жылу желісін жасанды интеллект бақылайды
Бүгін, 14:05
Туркестанская область усиливает инвестиционную привлекательность
Бүгін, 13:59
Туркестан: Теплицы обеспечивают 45% потребности страны в межсезонный период
Бүгін, 12:54
Түріктің ақылды һәм қуатты қалқаны
19 мамыр, 19:10
Елімізде алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды
19 мамыр, 14:58
Мемлекет басшысы: Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет
19 мамыр, 14:29
Әуе рейстеріне ҚҚС алып тасталса, ұшақ билеті арзандай ма?
19 мамыр, 12:50
В Сарыагашском районе три населённых пункта обеспечат природным газом