jasqazaq.kz

«Трибуна» 5 млн теңге төлейді

14 шiлде 2016, 14:40

1

Алматы қаласының Медеу аудандық соты «Алматыжарнама» компаниясының директоры Сұлтанбек Сыздықовтың «Трибуна» газетіне қарсы шағымын жартылай қанағаттандырды. «Алматыжарнама» ЖШС директоры Сұлтанбек Сыздықовтың арыздануына журналист Денис Кривошеевтің биылғы жылдың 15 сәуірінде жарық көрген «Алматыжарнаманы» коррупционер басқара ма?» деген мақаласы себеп болған.

Сыздықов 13 мамырда «мақаланың тақырыбы және ондағы кейбір фрагменттер кәсіби беделіме нұқсан келтірді» деп сотқа арызданып, моральдық өтемақы ретінде газет иелерінен 15 миллион теңге айыппұл төлеуін талап еткен. Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Дана Махметова шағымданушының талабын жартылай қанағаттандырып, моральдық зиянды бес миллион теңгеге бағалады. Сот шешіміне сәйкес, бес миллион теңгені мақала авторы Денис Кривошеев, «Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай және жекеменшік басылымның иесі — ИП «Қалам» ортадан ақша шығарып, шағымданушыға төлеулері тиіс.

«Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай соттың шешімімен келіспейтінін білдіреді. «Сот ісі тек екі күн ғана — 7 және 11 шілдеде қаралды, ал үшінші күні 12 шілдеде шешім шығарды. Біз жиырмадан астам өтініш түсірдік, бірақ судья Дана Махметова бәрін кері қайтарды. Біз қалалық және Жоғарғы сотқа апеллияциялық шағым береміз. Егер қажет болса, БҰҰ комитетіне де арызданамыз, — дейді ол. Жанболат Мамай айыппұлды төлемейміз дейді. Сот шешімі тәуелсіз басылымды жабуға бағытталып отыр деп есептейді.

Журналист Денис Кривошеев те судья Дана Махметованың шығарған шешіміне қарсы. Ол 2014 жылы ондаған БАҚ мақаланың кейіпкері Сұлтанбек Сыздықов жайында «оның кезінде Азияда ойындарының Алматы дирекциясын басқарып, мемлекетке 23 миллион теңге шығын әкеле тұрып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны» туралы жазды дейді.

— Сол кезде барлық құқық қорғау органдары оны коррупциялық қылмыс жасады деп мәлімдеген. Бұл — дәлел. Енді Сыздықовқа мақаладағы «коррупционер» сөзі ұнамай қалыпты, — дейді Денис Кривошеев.

kaz.365info.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық