
«Утилизация бағдарламасы» бойынша Toyota Land Cruser көлігі 150 мың теңгеге «сатылды». Көлік заңды тұлғаның атында болған. Ол «темір тұлпарын» істен шыққан кезде сатып жіберген.
«Атырау қаласындағы «ӨКМ Операторы»-ның қабылдау бекетіне 1996 жылы шыққан Toyota Land Cruser автокөлігі жоюға тапсырылды. Заңды тұлғаның еншісінде болған автокөлік, бұған дейін Е 090 AN нөмірімен мемлекеттік тіркеуде тұрған. Заңды тұлға көліктің істен шыққандығы жөнінде анықтама құжатты 2016 жылдың тамыз айында алған. Бағдарлама талабы бойынша тозығы жеткен Toyota Land Cruser автокөлігі 150 мың теңгеге бағаланды», — делінген аталмыш компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
