jasqazaq.kz

Томас Аткинсонның бастан кешкендері бейнебаянға арқау болды (видео)

17 қараша 2016, 19:11

Қазақстанды зерттеген алғашқы еуропалық 1847 жылы ұлы дала жеріне аяқ басқан британиялық саяхатшы әрі зерттеуші Томас Аткинсонның бастан кешкендері ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бейнебаянға арқау болды. Бұл түсірілімді қараша айының ортасынан бастап BBC World телеарнасы көрсете бастайды деп хабарлайды 24.kz.  Бұл – Томас Аткинскон мен оның жұбайы Люси. Том – ХIX ғасырда Орталық Азияға саяхат жасаған алғашқы еуропалық зерттеушілердің бірі. Оның ерекше еңбектері сол уақыттағы көшпенді халықтың тұрмыс-тіршілігін бейнелеген.

atkinson

Ерлі-зайыптылар сапар шеккен жерлердің бірі – Қапал. Ол қазіргі Алматы облысы, Жоңғар Алатауының маңайында орналасқан. Дәл осы жерде саяхат басталғаннан кейін 2 ай өткен соң Аткинсондар ұлды болады. Баласының есімін Қапал ауылындағы бұлақтың құрметіне Алатау-Тамшыбұлақ деп қояды. Бейнебаянда тарихи көріністер Қазақстанның бүгінімен байланыстырылады. Британиялықтар елордамыз туралы, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жайлы баяндайды.

Лори Сачсицки, BBC Worldwide вице-президенті: — Біз қазақ халқы мен ұлан байтақ даланың әр алуандығын көрсеткіміз келді. Бейнебаянның мақсаты – Қазақстанның 25 жылда жеткен жетістіктерін әлемге паш ету. Қазақ елінің бірнеше ғасырлық тарихы мен бай мәдени мұрасы бар. Біздің ойымыз – серпінді дамып келе жатқан мемлекет екендігін насихаттау. Бейнебаянның түсірілімі Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ британиялық зерттеуші Томас Аткинскон саяхаттаған Алматы облыстарында жүргізілген. Көрсетілімге Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ержан Қазыханов пен «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев қатысты. Айтпақшы, ВВС де халықаралық көрмеге қызығушылық танытып отыр. Қазір осы шараны ақпараттандыру мәселелері төңірегінде басқа да медиа-компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық